Ел жаңалықтары

Сотталғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетті

  • Сотталғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетті

    Сотталғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетті

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық ортадан оқшауланған сотталғандарды қайта тәрбиелеп, түзу жолға түсуіне ықпал ету. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жазасын өтеушілер түзу жолға түсуге бет бұрып, игі істермен айналыса бастайды. 

Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы қаласы бойынша ЛА-155/13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар өз еріктерімен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында 15 қаңтар күні мекеме бастығына өтініш жасаған. 

Соған байланысты түзеу мекемесінің қызметкерлері өтініш жасаған жазасын өтеушілерді Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қорынан алынған мекен жайларға апарды. Олар ауыр жұмыс істей алмайтын жандарға өз көмектерін көрсетті.

Атап айтсақ, Түрксіб ауданы, Красногорская көшесінде тұратын 1974 жылы туған азаматша Шингызбаева Камаш Сейдигалымовна 1-топтағы мүгедек болғандықтан ауыр жұмыстар істеуге қабілеті жоқ. Оған "бүйректің жетіспеушілігі" диагнозы қойылған. Сотталғандар көмек ретінде осы азаматшаның үйінің ауласын тазалап, отындық ағаштарын кесіп, дайындап, оны сарайына реттеп, жинап берді.

Сондай-ақ, олар осы күні Түрксіб ауданы, Маяк шағын ауданы, Авиатор көшесінде тұратын 1951 жылы туған 2-топтағы мүгедек Атия Адилованың үйінің ауласындағы қарды тазалап, ауладын тыс шығарып берген. 

Сотталғандардың көрсеткен көмектеріне разы болған мүмкіндігі шектеулі азаматшалар алғыстарын айтып, шынайы ризашылықтарын білдірді. Олардың жаза өтеу орнынан тез арада босап, өз отбасыларына оралуына тілекші екендіктерін айтты. 




Көрілген: 167    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 20:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29