СOVID-19: бір күнде 11 адам қайтыс болды

24 ақпан 2022, 09:52

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 11 адам қайтыс болды.

Оның ішінде, 7 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмды.

24 ақпандағы жағдай бойынша 26 249 адам (25 174 КВИ+ және 1 075 КВИ-), оның ішінде, 3326 науқас стационарда,  22 923 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 197 науқастың жағдайы ауыр,
  • 88 науқастың жағдайы өте ауыр,
  • 77 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

aikyn.kz