Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Спутник М": Балаларға салынатын COVID-19 вакцинасы осылай аталуы мүмкін

16 қазан 2021, 13:50

Н. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы, коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцинаға "Спутник М" деген атау беруі мүмкін екенін айтты. Бұл жерде "М" деген "кішкентайлар үшін" деген мағынаны білдіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" сайтына сілтеме жасап.

Орталық директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, екпенің "Спутник" атауы қала береді. Балаларға арналған вакцинаның атауына тек "М" әрпі ғана қосылады.

 Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрігіне Н.Гамалея эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығы "Гам-КОВИД-Вак-М" жасөспірімдерге арналған вакцинаның құжатын тіркеуге жіберген болатын.

Вакцина тіркелген жағдайда жасөспірімдерге ерікті түрде жүргізілетін болады. Бұл ретте ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі бойынша екпе салынады.