Степногор жылу электр станциясында болған апатқа байланысты тексеру басталды

30 наурыз 2022, 21:51

Энергетика министрлігі ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Степногорск ЖЭС-на жоспардан тыс тексеру тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Тексеру "Степногорск ЖЭС қазандықтарының апатты жағдай фактілері бойынша" жоспарланған", - делінген энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

“Қазіргі таңда Степногор ЖЭС-та 4 қазандық пен 3 турбина жұмыс істеп тұр.
Станцияның генерациясы 64 МВт құрайды, жылу желілерінің температуралық режимі сақталған”, - деп атап өтті энергетика министрлігі.

Осыған дейін, Степногорск жылу электр станциясында апат болғаны туралы жазған болатынбыз.