Ел жаңалықтары

Степногорскіде үлкен өрт болып 60 саяжай жанып кетті (видео)

  • Степногорскіде үлкен өрт болып 60 саяжай жанып кетті (видео)

    Степногорскіде үлкен өрт болып 60 саяжай жанып кетті (видео)

Степногорск маңындағы саяжай аймағында үлкен өрт болды. Құтқарушылардың мәліметінше, салдарынан 60-қа жуық саяжай жанып кеткен. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орын алған оқиғаның мән-жайы Step.news жергілікті Instagram парақшасында жария етілді.

 
"Он шақты жол өртеніп кетті. Өрт өзен бағытына қарай кетті. Жалын қалаға жақын орналасқан телемұнара жанынан басталып, желдің әсерінен саяжайға дейін жеткен. Өкінішке орай, дәл осы сәтте Өрт сөндіру бөлімдері Первомайка мен Қырық Құдық ауылының маңындағы далалық өртті сөндіруде жүрген. Өрттің толық ауқымы анықталған кезде барлық өрт сөндіру бригадалары осында ауыстырылды. Алайда қатты тұрған желдің әсерінен өртті тоқтату мүмкін емес еді", - деп жазылған парақшада.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде бұл ақпарат расталды. Өрт кешкі сағат 5-тер шамасында "Вавилова" ПКДУ маңындағы аудан аумағында басталған.

"20 га аумақта құрғақ шөп өртенді, өрттің көшуімен 58 саяжай, оның ішінде үшеуі жалпы алаңы 3,5 га тұрғын үйлер жанып кетті. Жалын 20:45-те ауыздықталып, түнгі сағат 22:00-де толығымен сөндірілді", - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнына 34 қызметкер мен төрт жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ жергілікті коммуналдық қызметтер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың адамдары мен техникалары шықты.




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 15:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31