Ел жаңалықтары

Сумо бала: 3 жастағы Нұрәлидің салмағы 52 келіге жетті

  • Сумо бала: 3 жастағы Нұрәлидің салмағы 52 келіге жетті

    Сумо бала: 3 жастағы Нұрәлидің салмағы 52 келіге жетті

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды

 
Дәрігерлер кішкентай Нұрәлидің жүрегін май басып жатыр дейді. Өкпесінде демікпе бар деп дабыл қағуда. Баламның табанына кірген тікен маңдайыма неге кірмеді деп күндіз түні перзентінің амандығын тілеп отырған ата ананың ендігі үміті сіз бен бізде.

Ерлі-зайыпты 3 жастағы ұлдары Нұрәлидің денсаулығы үшін көмек сұрайды. Нұрәли өз жасына сай емес артық салмақ жинаған. Асқа тәбеті де ерекше. Ал дәрігерлер балаға нақты диагноз қоя алмапты. 

Нұрәли 3 жаста. Салмағы 52 келі. Бойы 100 см. Бойы өз жасына сай келгенімен, салмағы артық. Әдетте мұндай жаста баланың салмағы 13-17 келі болу керек. Ата-анасының айтуынша, асқа тәбеті зор. Егер тамақты аз берсе, көгеріп жылап, тыныс ала алмай қалады.

"Үлкен көлемдегі киімдерді сатып әкелемін. Маған шақ киімдерді киеді. Үлкен жөргекқаптарды киеді. Диета сақтап көрдік. Оған шыдамайды. Сұраған нәрсесін берсемем, жылайды. Көгеріп жылағанда талып қала ма деп қорқамыз. Тойғанын білмейді. 5 минут сайын қарны ашып тұрады. Диеталық тағамдарды жемеймін деп жылайды. Тәттіні көп жейді", - деді анасы Нағима.

Баласы анасына бағынбайды, әкесіне адап көндігеді екен. Алайда бір жерден бір жерге аланы апарудың өзі мұң. 

"Менің өзімнің салмағым 58 келі. Баламдікі 52 келі. Көтеріп жүрген қиын. Бірақ амал жоқ, балам болған соң көнемін. Өзі көп жүрмейді. Шаршап қалады. Дем жетіспей қалады. Жүрегін май баса бастаған. Басқа балаларға ілесе алмайды. Тез шаршайды. Баламның денсаулығына уайымдаймын. Емделіп кетсе екен деймін", - деп дылады әкесі. 

Бұл ретте сарапшы мамандар ата-ананың баланың айтқанын істеп үйренгенін айтады. Бұл баланың ерке болуына, семіздікке шалдығуына әкеп соғады деп ескертті.

"Шектен тыс еркелік балаға кері әсер етуі мүмкін. Баланың айтқанын істей беруге де болмайды. Баланың сұрағаннын бере беру де ол үшін зиянды. Сұраған сайын тамақ бере берсе, өзін қимылдатпай көтеріп жүрсе, ол баланның семіздікке шалдығуының бірден бір салдары", - деді олар. 

Ал эндокринолог маман Нұрәлидің семіздіктің үшінші, соңғы дәрежесінде екенін айтты. 

"Мен Нұрәлидің бақылап отырып оның бойынан ешқандай ауытқушылық көріп отырған жоқпын. Бала өз жасына сай психологиясы дамыған. Тек салмағы көп", - деді психолог. 

Алматы теміржол ауруханасы Нұрәлиден тиісті анализдер алып, барлық дәрігердің қабылдауына тегін қабылдауға даяр екенін айтты. Алдағы уақытта Нұрәли осы мамандардың бақылауында болады. 




Көрілген: 3212    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 13:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30