Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

07 наурыз 2022, 11:28

Президент агенттік төрағасының бірінші орынбасары мен орынбасарын тағайындады
Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады Ақорда.
Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.