Ел жаңалықтары

"Сығыркөз қайда барасың" деп сөгетін: 21 жыл бойы губернатор болған қазақ Ресейдегі өмірі жайлы

  • "Сығыркөз қайда барасың" деп сөгетін: 21 жыл бойы губернатор болған қазақ Ресейдегі өмірі жайлы

20 жылдан астам уақыт бойы Кемерово облысының губернаторы болған, ресейлік саясаткер, тегі қазақ Аман Төлеев (Аманкелді Төлеев) саясатқа қалай келгенін, қазақ болғаны үшін көрген қорлығы мен КСРО жайлы көзқарасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ngs42.ru порталына сілтеп хабарлайды. 

Тегім қазақ екенін бетіне басқандар көп болды, дейді Аман Төлеев.

"Техникумға оқуға түсер кезімде өгей әкем шақырып, өз атына Иннокентьевич болып жазылуымды сұрады. Өйткені туған әкемнің аты қазақша әрі қиын еді. Ата-анам мен солай істейді екен деп ойлады. Бірақ құжат алар кезде тегімді өзгертпеуге бел будым. Аман-Гельды Молдагазыевич деп жазғыздым. Үйдегілер бұл жаңалықты білгенде шалқаларынан түсті. Не үшін бұлай жасағанымды білмеймін. Бірақ қазір ешкім өз тегін, атын, ұлтын өзгертпеуі керек екенін ауыз толтырып айта аламын. Тегіңді өзгерту - өзіңді сатқанмен тең. 

Аты-жөніме байланысты көресіні көрдім-ау! 1991 жылы өткен президенттік сайлау кезінде біреулер қазақ екенімді бетіме басып, әдейі үш-төрт минут тегімді, атымды созып оқитын еді. "Сығыркөз қайда барасың?" деп сөкті. Егер менің намысыма тигісі келсе, ұзақ аты-жөнімді жазатын. Бірақ кейіннен анама айтып, атымды Аман Гумирович деп өзгерттім", - дейді Аман Төлеев. 

Ресейлік саясаткер билікке құштар болмағанын жеткізді. 

"Саясатқа жылап келдім. Бәрі мені мансап қуалап келді деп айыптайтын. Бірақ шындығында бұлай емес еді. Мені саясатқа итеріп кіргізді. Мен өзімнің теміржол инженері мамандығымды қатты жақсы көрдім, әлі же жақсы көремін. Әлдекім менің атымды, депутаттыққа ұсынылғандардың тізіміне енгізіп жіберіпті. Шыны керек, ол кезде саясат деген не екенін ұқпайтынмын. Заңдар қалай қабылданатыны ойыма кіріп шықпайтын еді. Бар ойым - депутат болып, министрдің кабинетіне есікті теуіп кіру болды. 

Бір күні КСРО-ның министрлер кеңесінің төрағасы Николай Рыжков хабарласып былай деді: "Сен ТМО-ны (Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы) білесің ғой, түрің де соларға келеді". Сөйтіп ТМО-ның сыртқы істері бойынша министр атандым", - дейді Төлеев. 

Аман Төлеев Ресей президенті Владимир Путинмен бірге

Бұған қоса, ол КСРО туралы сөз қозғады. 

"Кеңес одағына қарыздармын. Балабақшаға тегін бардым, тегін білім алып, техникумды, институтты, академияны тегін бітірдім. Медицинада еш қиындық болмады. Бірақ асыра сілтеудің де қажеті жоқ, ұрлық-қарлық, алаяқтық та болды. Адами тұрғыда алып қарасақ, КСРО кезінде заман жақсы еді. Мүмкін жас болдым, жас кезінде тек жақсы дүниелер ғана есте қалады емес пе? Әрине, бұл жүйе ескірді. Бірақ біз қолымызда бар нәрсені сақтап қала алатын едік. Мысалы, тегін білім және денсаулық жүйесін мен қалдыратын едім. Себебі ең маңыздысы - халықтың денсаулығы", - деп қосты ол.

Төлеев

58 жыл бойы мемлекетке жұмыс істедім деген ол қартайғанда ешкімге керексіз болып қалғанын айтады. 

"Мәселен, Жапонияда егде жасқа таяғандарды "күміс жасқа" келгендер деп атайды. Оларды әртүрлі ұйымдарға, кеңселерге жұмысқа шақырады. Өйткені олардың тәжірибесі мен ақылы мол. Ал бізде қалай? Жасың келсе, жұмыстан шығарып жібереді. Кім екеніне, қанша жыл тер төккеніңе қарамайды. Жарамсыз бола қалсаң, ешкімге керегің болмайды. Он бес мың рубльге Ресейде (шамамен 85 мың теңге) не сатып аласың? Балаларың көмектесіп тұрса, жақсы, әрине. Ата-анаңның мемлекет үшін аянбай атқарған еңбегі еленіп жатса, олардың жолын қуасың ғой. Ал егер керісінше, олардың мемлекетке керексіз болып қалғанын көрсең, патриот болуды ұмытасың.

Мәселен маған, губернаторлықтан кеткен соң, ешкім хабарласқан жоқ. Жақындарымда да теріс айналды. Кім екенімді ұмытып кетті. Бұл кезеңді әрең өткердім. Бұлай болатынын білдім, бірақ уақыттың тез өтіп кетеді деп ойламаппын. Мен 58 жыл бойы мемлекет үшін қызмет еттім. Бірақ оның пайдасы болды ма? Мен өзім ұсынған депутаттар бір жылдан кейін адам танымай, басқаша сөйлеп шыға келді", - дейді Аман Төлеев. 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 16:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30