Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Сізді жақсы көреміз": ресейліктер Бибігүл Төлегенованы құттықтады

17 желтоқсан 2021, 22:32

Қазақстандық танымал әнші 92 жасқа келді

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов қазақстандық танымал әнші Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қымбатты әрі құрметті Бибігүл Ахметқызы! Сөйлеп, көрсетіп тұрған Мәскеу. "Привет, Андрей!" бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені сізді туған күніңізбен құттықтайды. Сізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз. Сізді өте қатты жақсы көреміз және бағалаймыз. Есіңізде сақтаңыз, сіз Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де інжу-маржанысыз. Сол себепті үнемі бізді әніңізбен қуанта беріңіз. Шынайы ниетпен, Ресейден ыстық ықыласпен Андрей Малахов", - деді Малахов видеоүндеуінде.


Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды. Қазақстанның бұлбұлы 1929 жылы Семей қаласында дүниеге келген, 1954 жылы Алматыдағы консерваторияны бітірді. Қазақ КСР халық артисі.

Төлегенова қазақ операсының дамуына үлкен үлес қосты. "Дала қызы", "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште" фильмдеріне түскен.