Ел жаңалықтары

Табылды Досымовтың ұстазы «Еңбек жолы» байқауында жүлделі болды

  • Табылды Досымовтың ұстазы «Еңбек жолы» байқауында жүлделі болды

    Табылды Досымовтың ұстазы «Еңбек жолы» байқауында жүлделі болды

Қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың ұстазы Ғайни Ғабдуллина республикалық «Еңбек жолы» байқауында атыраулық Жұмағалиевтар отбасының атынан жүлделі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, елордада әулеттер мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткен болатын. Байқауда «Үздік еңбек әулеті» номинациясында атыраулық Жұмағалиевтердің ұстаздар әулеті үшінші орынға ие болған еді.

«Білім ордасында мұғалім болдым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, шәкірттерімнің бірқатары зор жетістіктерге жетті. Қазақтың бард ақыны Табылды Досымов менің шәкіртім болған. Марқұм ерте кетті. Еңбегімізді бағалап жатқан ел басшылығына зор алғысымды айтқым келеді», - деді Ғайни Ғабдуллина марапаттау рәсімінде.

Айта кетсек, отандастарымызды кәсіби жетістіктерге ынталандыру және жаңа еңбек династияларын қалыптастыру мақсатында биыл министрлік сыйлықтардың санын көбейту туралы шешім қабылдап отыр. Өткен жылдары сыйлықтар тек номинациялар бойынша берілген болса, биылдан бастап жеңімпаздар – 1, 2 және 3 орын үшін марапатталды.

 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 22:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30