Тағы 20 пациент коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

12 желтоқсан 2021, 10:31

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 10 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 5 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында - 5 науқас.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Павлодар облысында - 3, Алматы қаласы мен Қостанай, Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.

www.inform.kz