Ел жаңалықтары

Тағы бір азамат вакцинадан соң жансақтау бөліміне түсті

  • Тағы бір азамат вакцинадан соң жансақтау бөліміне түсті

    Тағы бір азамат вакцинадан соң жансақтау бөліміне түсті

8 мамырда коронавирусқа қарсы вакцина алған алматылық ауруханаға түсті. Рымтай Алимпияев «Спутник V»  вакцинасының екінші компонентін алып үйіне келген соң, өзін жайсыз сезінген. Ол 9 мамыр күні таңға жуық қалшылдап ауырып, есінен танып қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне науқастың туыстары хабарлады.

Жедел жәрдем қызметі 44 жастағы азаматты қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Науқастың әпкесі Гүлзира Алимпяеваның айтуынша, інісі ауруханаға түсерден бір күн бұрын №5 қалалық емханада «Спутник V» вакцинаның екінші компонентін салдырған.

«Інім осы күнге дейін арнайы әскери жасақта істеп, зейнетке шыққан. Ондай әскери адамдар ылғи дәрігерлердің бақылауында болады. Жыл сайын тексеріліп отырады. Денсаулығына қатысты шағым айтқан емес. Зейнет демалысына шыққан соң бір медициналық мекемеде жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген. Сол жере вакцина алуға мәжбүрлегені белгілі болды. Жұмыстан шығасың деп қорқыту болған. Бала-шағасы бар, кім жұмысынан айырылғысы келеді. Сондықтан амалсыз барған. Вакцинаның 1-ші компонентін Алматыдағы №5 емханадан алған. Бірақ ол азаматта аллергиялық ауру белгілері болатын. Кез-келген препаратқа, антибиотиктерге аллергиясы болған. Емханада медотвод (вакцинадан бас тарту жағдайы - ред.) жасамаған болып тұр. Ауызша сұраған да, сала салған», - дейді Гүлзира Алимпияева.  

Вакцинаның бірінші компонентін алған соң бас ауруы басталған. Ауырғанын басу үшін үнемі дәрі ішкен. Арада 21 күн өткен соң Рымтай Алимпияевқа хабарлама келіп, екінші компонентін алуға мәжбүр болған. 8 мамырда екінші компонентін алғанның ертеңіне ұйқыдан тұрғанда, киініп жатып дірілдеп құлаған. Сосын оны жедел жәрдем қызметі №4 клиникалық ауруханаға жеткізілген.

«Жарайды, ол күні мереке. Кезекші дәрігерлер қарағанымен, нақты диагнозын айтпайды. Біреулер ісік бар дейді, біреуі гемотома бар дейді. МРТ түсіріңдер деді. Мереке күндері ол жерлер жабық болды. Біресе неврологияға, біресе, реанимацияға жатқызды. Інім жақында ғана скринингтен өткен, дені сау болып шыққан. Сондықтан бізде күмән туып отыр. Біз бұл сау адамның екпеден соң, ауруханаға ауыр жағдайда түскенінен соң, осылай дабыл қағып, денсаулық сақтау басқармасына келіп тұрмыз. Енді осыдан соң қалай вакцина алуға болады? Толық тексеруден өткізіп, оның қандай дәрілерге қарсы көрсетілімі бар, соны біліп барып салуы керек еді. Бірініш компоненттен соң ол басының ауырғанын айтқан соң, екіншісін толық тексеріп барып салмай ма?! Қан қысымын өлшеген де, сала салған. Нәтижесі осы», - дейді науқастың туысы.

Науқастың жақындарының талабы - вакцинадан соң ауруханаға түскен азаматтың денсаулығына немқұрайлы қарамау. Білікті дәрігерлерді жинап, дұрыстап кеңесіп, оның айығып кетуіне жағдай жасап беруін сұрайды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Рымтай Алимпияевтың туыстарының шағымынан соң, №4 клиникалық ауруханада білікті мамандардың кеңесі болатынын айтты. Бүгін түстен кейін науқастың нақты диагнозы айтылмақ. Басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева науқастың ауруханаға түсуі коронавирусқа қарсы екпемен байланысты болмауы мүмкін екенін де айтады.

«Біз оның вакцинациямен байланысы болмауы мүмкін деген болжамды да қарастырып отырмыз. Оның неврологиялық жүйесінде басқа аурулары болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Қазір консилиум жинап жатырмыз. Соның қорытындысына қарап, біз сіздерге нақты жауап айтамыз. Ол жерде бас дәрігер профессорлық-оқытушылық құрамды жинап, осы науқастың жағдайын саралап жатыр. Науқастың туыстарына қажетті ақпараттарды береміз. Иә, бүгін үшінші тәулік болды. Біз нәтижесін алып, тиісті жерлерге, соның ішінде БАҚ-қа ақпарат береміз. Науқас қазір неврология бөлімінде жатыр. Кеше реанимацияға түскен, қайтадан неврологияға ауыстырылды», - дейді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кету керек, Алматыда 6 мамырда осыған ұқсас жағдай болды. Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазиннің вакцина алғаннан кейін қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады. Б. Нұртазин есімді 42 жастағы азамат 12 сәуірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін емханаға жүгінген. Ол 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Бірақ жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған еді.

Алдын ала болжамға сәйкес, марқұм жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қазір өлім себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды, делінген хабарламада.  




Көрілген: 3308    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 15:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30