Тағы бір депутат өз еркімен Мәжілістен кетті

10 наурыз 2022, 19:53

Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова Орталық сайлау комиссиясына өз өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы мәжілісінің депутаты Зульфия Болатқызы Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деген шешімге келді", - делінген ресми хабарламада.

 

Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжілістің қарауына енгізді.

 

Депутат Сүлейменова былтыр Nur Otan партиясының (қазіргі Amanat) тізімі бойынша мәжіліске сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

 

Айта кетері, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті.