Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тағы да «жасанды НЛО» ма?

24 қаңтар 2011, 12:33

Газетіміздің №59 санында Алматы аспанынан байқалған ұшатын беймәлім нысан жайлы жазғанбыз («Көктөбе аспанында беймәлім нысан ұшып жүр», 22.04.2009). Ал кеше Батыс Қазақстан облысында көктен әлдеқандай қос шар құлағаны жайлы ақпарат тарады. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарласқанымызда, бір топ маманның оқиға орнына дереу аттанып кеткені белгілі болды.

Осы өңірдегі әріптесте­рі­міз­дің хабарлауынша, Зе­ле­нов ауданының Раздольное ауы­лы маңына бей­мәлім ны­сандардың құлағанын көктемгі егіс жұмы­сы­нан қайтып келе жатқан жергілікті шаруа қо­жа­­лығының механизаторы Денис Кононов бай­қапты. Оның ай­туын­ша, беймәлім нысан жан-жағына ұшқын шаша қат­ты екпінмен жерге гүрс еткен. Ме­­ханизатор алғаш­қыда зә­ре­сі қалмай қорқып кетке­німен, кейін тылсым­ның сырын бі­луге құмартып, көк­тен түскен темір шарларды трак­торы­мен үйіне алып келеді. Бірақ әйелі азарда-безер болып, ауыл сыртына апарып лақтыр­тады. Диаметрі 40 сантиметр болатын шарлардың бірі бүтін, екіншісінің бір бүйірі балқып кеткен екен. Раздольноеға келген Төтенше жағдай­лар жөніндегі және Санитарлық-эпидемиологиялық қада­ға­лау департа­мент­терінің мамандары шар тәрізді ны­сан­дардың не екенін әлі тап басып айта алмай отыр. Болжам бо­йынша ол адам қолымен жасалған ұшу аппаратта­рының қалдығы болуы мүмкін. «Жабдықтың қайдан шыққанын және қандай мақсатта жасалғанын арнайы тексерістің нә­тижесі анықтайды. Ал металл шарлардың құрамында­ғы радиация мөлшеріне кел­сек, қауіп төндірер әсер байқал­майды», – дейді Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағ­дайлар жө­ніндегі де­парта­ментінің басқарма бастығы Мак­сим Хайре­кенов.
P.S. Ана жолы алматылық астрофизиктер Көктөбе аспанынан байқалған нысанның жергілікті тұрғындар қолдан жасаған жабдық екенін дәлелдеп берген еді. Бұл жолы да беймәлім шарларға «жасанды НЛО» де­ген болжам жасалып отыр. Ал көпшілік оларды із-түзсіз кеткен «ҚазСаттың» қалдығы болар деп ойлаған...