Ел жаңалықтары

Талдықорған қаласында 27 мектепте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында футболдан тегін секциялар ашылды

  • Талдықорған қаласында 27 мектепте

    Талдықорған қаласында 27 мектепте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында футболдан тегін секциялар ашылды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Талдықорған қаласындағы мектептерде тегін футбол секциялары іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – материалдық жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына өз армандарын жүзеге асыруға көмектесу және футболмен айналысуға барынша жағдай жасау.

Талдықорғанда болашақ Месси мен Неймарларды әзірлеуге арналған үйірмелер балалардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген. Әр топ, футбол командасына сәйкес, 12 адамнан тұрады. Мамандардың айтуынша, топтағы балалардың шағын саны жаттықтырушыға ойыншылардың жеке қасиеттеріне барынша көңіл бөлуге және командалық рухты сіңіруге мүмкіндік береді. Алматы облысының орталығынан ашылған футбол мектебінің жаңа жобасы спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған түрлі әлеуметтік жобаларды көп жылдан бері демеушілік етіп келе жатқан қазақстандық "Олимп" букмекерлік кеңсесінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.




"Біз үшін бұл өте маңызды жоба. "Олимп" букмекерлік кеңсесі өзінің басты міндеттерінің бірі – өз дарындарымызды қолдау деп санайды. Біз спорттық балалар-жасөспірімдер мектептеріне жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауда үлкен жүктеме түсетінін жақсы түсінеміз. Бұл жерде болашақ жеңістердің іргетасын қалау ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әрбір балаға өз елімізде барынша ашылуға мүмкіндік беру өте маңызды. Бұл жоба футболмен тегін айналысу үшін тұрмыстық ахуалы төмен отбасылардың балаларын қолдау мақсатында құрылған. Біз 700-ден астам баланы футболмен қамтамасыз етеміз. Жаттығу кәсіби, сертификатталған жаттықтырушылардың жетекшілігімен өтеді", - деді "Олимп" БК өкілі Әсел Әлімжанова.




"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында балалар үшін спорттық инфрақұрылымға барынша қол жетімділікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Себебі, бұқаралық дене шынықтыруды дамыту пирамида болуы тиіс, оның үстіне жаңа чемпиондар болады. Ал оның негізі дені сау, белсенді жастар, сонда ғана іргесі мықты ұлт қалыптастыра аламыз. Менің көзқарасым бойынша, бұл жағдайда бизнес шетте қалмауы мүмкін емес, біз өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді одан әрі дамытатын боламыз. Неге футбол? Барлығы қарапайым – бүгінгі таңда бұл спорттың ең бұқаралық түрі және біздің міндетіміз - Қазақстандағы көптеген балалар үшін барынша қолжетімді қылу", - деп толықтырды Әсел Әлімжанова.

Сонымен қатар ол аталған секциялардың Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының қолдауымен іске қосылғанын атап өтті. Ал балаларды қабылдау туралы ақпарат танымал әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Қазір бізге балаларын футбол мектептеріне түсіргісі келетін ата-аналардан көптеген өтініштер келіп түсуде. Әрине, балалардың спортқа, оның ішінде футболға үлкен қызығушылығы бізді қуантады. Жақында ғана Еуропа Лигасында ойнаған "Манчестер Юнайтед" футболшылары аты аңызға айналған "Олд Траффорд" стадионында ойнағаны немесе Тараздың 21 жастағы футболшысы Бахтияр Зайнутдиновтің Ресей Премьер-лигасында "Ростов" үшін ойнағаны сияқты мысалдар өмірде алынбайтын қамалдың жоқ екенін түсіндіреді. Тек арманға сену және оған қадам басу керек. Ал біз балаларға әлемдік футболдың шыңына жету жолында осы қиындықтан өту мүмкіндігін береміз", - деп қорытындылады "Олимп" БК өкілі.




"NurOtan" партиясы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарымен, соның ішінде көп балалы, аз қамтылған отбасылармен тұрақты жұмыс жүргізуде. Талдықорған қаласында 27 жалпы білім беретін мектеп бар. 8 қазан күні партияның облыстық филиалында 25 мектептің директоры қатысқан жиын өтті. Алайда ақпарат қала мектептерінің барлық директорларына жеткізілді. Жиналысқа қатысқан білім ошағы басшыларының барлығы жаңа жобаны іске қосуға және футбол секцияларын ашуға қуана келісті. Секцияға аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары іріктеледі.

Бұл жағдайды Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы атап өтті. Облыстық партия филиалы бастаманы қолдап, жобаны облыстың барлық аудандық және қалалық мектептеріне енгізуге келісім берді. Жақын арада жобаны толық үйлестіру және бастамашылық ұсыныстарды орындауға жауаптыларды анықтау жоспарлануда.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен жылы мектеп спорт клубтарын іске қосу және мектеп спорт алаңдарын ашу бойынша жобалар қолға алынды. Ал бұл жоба халықтың аз қамтылған топтарын қолдау мүмкіндігін қарастырады. "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бөлімі де бар"- деп атап өтті "Нұр Отан" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ахметжанова Бағдагүл Дәулетқызы. 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 19:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31