Ел жаңалықтары

Талдықорғанда жетім сәбиді сатпақ болған шенеунік сотталды

  • Талдықорғанда жетім сәбиді сатпақ болған шенеунік сотталды

    Талдықорғанда жетім сәбиді сатпақ болған шенеунік сотталды

Жетім сәбиді сатпақ болған білім бөлімінің қызметкері Әмір Тұяқбаевқа қарсы Талдықорған қалалық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. 

 "Талдықорған қаласының білім бөлімі" ММ балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаевқа (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі) 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот үкімімен К.Полномочнова да (368-баптың 1-бөлігі) 4 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді", – делінген ресми хабарламада.

Тергеу материалдарына сәйкес, Тұяқбаев жетім баланы отбасыға тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңгенің парасын алған. Ал Полномочнова делдалдық қызмет атқарыпты.

Бұған дейін Талдықорғанда төрт айлық сәби жол апатынан аман қалғаннан кейін облыстық мамандандырылған балалар үйіне түскенін, алайда нәрестені қалалық білім беру бөлімі балалар құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Әмір Тұяқбаев 400 мың теңгеге сатпақ болған жерінен ұсталғанын жазған болатынбыз. 




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 23:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31