Ел жаңалықтары

Талдықорғанда құны 8 млн теңгенің жаңадан салынған аялдамасы өртеніп кетті

  • Талдықорғанда құны 8 млн теңгенің жаңадан салынған аялдамасы өртеніп кетті

    Талдықорғанда құны 8 млн теңгенің жаңадан салынған аялдамасы өртеніп кетті

Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінде 8 млн теңгеге тұрғызылған аялдама өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 


Бұл аялдама әкімдік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. «Біләл Сүлеев көшесіндегі аялдамада өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Барлық шығындарды мердігер мекеменің өзі төлейтін болады. Себебі бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс. Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта мұндай аялдаманың 9-ы салынған. Ал өртенген аялдама оныншысы еді, бірақ әлі қолданысқа берілмеген болатын. «Тұтастай алғанда барлығы 20 жаңа алдама салынуы жоспарланып отыр», - деді Д.Жаныс. Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорғанда 11 млн теңгенің аялдамасы жарты жылдан бері істемей тұрғанын хабарлаған болатынбыз. 




Көрілген: 705    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 11:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30