Ел жаңалықтары

Талдықорғандық қарақшы екі жасөспірімді шешіндіріп, телефондарын тартып алған

  • Талдықорғандық қарақшы екі жасөспірімді шешіндіріп, телефондарын тартып алған

    Талдықорғандық қарақшы екі жасөспірімді шешіндіріп, телефондарын тартып алған

Талдықорғанда 23 жастағы азамат екі жасөспірімді пышақпен қорқытып, киімсіз және ұялы телефонсыз қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Талдықорған полиция басқармасының кезекші бөліміне 46 жастағы әйел шағым түсірді. Ол 16 жастағы ұлы мен оның 15 жастағы досын дүкеннің алдында тонап кеткенін мәлімдеді. 

"Белгісіз азамат оларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын, кроссовкілері мен жемпірлерін тартып алған. Қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі үш сағаттың ішінде бұған дейін де ұқсас қылмыстарға барған 23 жастағы Талдықорған азаматын қолға түсірді. Ұрланған заттар табылды", - деп хабарлады полицейлер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қылмыстық кодекстің 191 бабы, 2-бөлімі (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 13:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31