Ел жаңалықтары

"Тальгода" зорланған келіншек өзі туралы ақпарат таратқан адамдардың үстіне арыз жазды

  • "Тальгода" зорланған келіншек өзі туралы ақпарат таратқан адамдардың үстіне арыз жазды

"Тальгода" зорланған келіншек ғаламторда өзі туралы ақпарат таратқан бірнеше адамның үстіне арыз жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Актөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап. 


Тальгода зорланған келіншек өзі туралы ақпарат таратқан адамдардың үстіне арыз жазды


YouTube желісінде "Шок.Тальгодағы зорлау" деген атпен бейнежазба тарап, қолданушылардың арасында талқыға салынып кетті. Осы бейнежазбалар мен суреттерге байланысты "Тальго" пойызында зорланған келіншек полицияға арыз түсіріп, деректерді жариялаған адамдарды жазалауды сұраған. 


Бұл туралы "НеМолчи.KZ" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова айтып берді. 


"Видеода олар жәбірленушінің суреттерін қолданады, оның аты мен тегі, туған жері туралы ақпарат береді. Сот жабық болды, және бұл ақпаратты жариялауға заңмен тыйым салынған. Бұл видеоны 3000-нан астам адам қараған. Қазіргі таңда видео ғаламтордан алынып тасталды", - дейді Дина Смаилова.


Жәбірленген келіншек тек қана бейнежазба таратқандарға емес, сонымен қатар, зорлықшылардың бірінің әкесінің де үстіне арыз жазған. 


"Ол адам бізден ақша жымқырды деген жалған ақпарат таратыпты", - дейді Дина Смаилова. 


Оған қоса, "Тальгода"  зорланған келіншек Ақтөбе қаласының белсенділерінің бірі Бақытжан Құрмановты да айыптап отыр. Жәбірленуші азаматты жеке мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына таратқаны үшін кінәлі деп санап, үстіне арыз түсірген.


"Сот отырысынан кейін ақтөбелік азаматша Ақтөбеге көшіп, денсаулығын оңалтпақ. Қазіргі таңда ол жұмыс істей алмайды", - дейді Дина Смаилова. 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31