Ел жаңалықтары

Танымал блогер LRT-да жемқорларды дарға асуды ұсынды

  • Танымал блогер LRT-да жемқорларды дарға асуды ұсынды

    Танымал блогер LRT-да жемқорларды дарға асуды ұсынды

Танымал блогер, журналист Дәулет Мұқаев елордадағы LRT құрылысын сынға алды. Блогер құрылыс жұмыстарының әлі де ақсап тұрғанын айта келе, оған жауаптыларды жазалауды ұсынды. 

Дәулет Мұқаев қоғамдағы өзекті тақырыптарға үн қосып, азаматтық көзқарасын үнемі білдіріп отырады. Халыққа кесірі тиген проблемалар, бағаны шарықтауы, шенеуніктер жайлы пікірін ашық білдіреді. Бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласындағы аяқталмай тұрған LRT құрылысын сынға алды.

 “Ұлы дала жемқорлығынан қалған ұлы дала ескерткіші Нұр-Сұлтанда әлі осылай тұр. LRT ақыры салынбайды екен, бұдан былай жемқорларды дарға асатындай жасау керек. Мүмкін, сол кезде мына бағаналардың пайдасы тиер?!”, – деп жазды Мұқаев парақшасында. 

Желі қолданушылары оның сөзін қостады. 

“Біздің жемқорларды асатын болсақ бұл бағандар аз болып қалатын сияқты”, “Дардың жібіне деп бөлінген ақшаны да жеп қоймаса”, “Дұрыс айтасыз! Бір екеуін ожазаласа, қалғандары естерін жияр”, “Осы ЛРТ не үшін қажет, қызметі не?”, "Қазақ десең өзіңе тиеді, жемқорларды жоймай жетіспеспіз”, деп жазды желідегілер. 

Дәулет Мұқаев елімізде қымбаттап жатқан сәбіз бағасы жайлы айтып өтті. 

“Азық-түлікті бөліп төлеу арқылы алу бұл нонсенс. Тамақты банк арқылы алып жатқанымызды шетелдіктер естісе бір жерін ашып күлетін шығар?! Тәуелсіздіктің 30 жылдығында міне, халықтың бір бөлігі осындай күй кешуге мәжбүр. Бай мен кедейдің арасы қатты алшақтап кеткен бізде. Сосын бар ғой, анау Оңтүстік Америкадан шығып, мұхит асып, 14000 шақырып жол жүріп келетін банан келісі 548 теңге болса, дәу жері бар сәбіз өсетін елде сәбіз бағасы бананнан қымбат”, – деп жазды блогер.




Көрілген: 817    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 16:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31