Ел жаңалықтары

Танымал қазақстандық тележүргізуші Марина Сахарова: Қазаққа керемет келін боламын

  • Танымал қазақстандық тележүргізуші Марина Сахарова: Қазаққа керемет келін боламын

    Танымал қазақстандық тележүргізуші Марина Сахарова: Қазаққа керемет келін боламын

Қазақ ұлтының жігіттеріне деген құрметім бөлек дейді Еуразия бірінші арнасының жүргізушісі Марина. Оның қазақшасы кез келген қазақты жолда қалдырады, ал қазақтың дәстүрін кез келген қазақтың келінінен кем білмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды. 

Маринаға жақында үйленуге ұсыныс жасалды. Оның сөз байласқан азаматы қалыңдықтан 8 жас үлкен, жел электр станциясында инженер болып жұмыс жасайды.

 
"Азаматым дәстүрге аса қатты мән бермейтін Солтүстік Қазақстаннан болғанымен, мен басыма орамал тағып, сәлем салуға әзірмін. Мұны үлкендерге деген құрмет деп білемін", - дейді қазаққа келін болғалы отырған сары қыз.

Марина орыс отбасылары сирек қоныстанған Павлодар облысының Бірлік ауылында туып-өсті.

"Үйде бес қызбыз. Ең үлкен әпкеміз 2-сыныпты оқып бітіргенде, орыс мектебі жабылып, ол қазақ мектебіне барды. Оның ізінен бәріміз де қазақ мектебінде оқыдық. Ұстаздарымыз қатаң болатын. Қазақшаны мектепке бармай тұрып-ақ меңгеріп алғандықтан, маған оқу қиынға соқпады", - деп еске алады тележүргізуші.

Марина өз отбасындағы қазақ жігітіне тұрмысқа шыққалы отырған жалғыз жан емес. Оның екі әпкесі қазақ отбасыларына келін болып түскен.

"Олар берік отбасын құрды, енелерімен және туыстарымен ешқашан сөзге келген емес. Сондықтан маған кеңес керек болса, кімнен сұрарымды білемін", - дейді Марина.

Болашақ жарының ата-анасына деген құрметін білдіргісі келетін ару "Олардың батасын алу мен үшін аса маңызды. Себебі олар менің жүрегімнің төріндегі жанды тәрбиелеп-өсірді. Демек, олар – менің де ата-анам"дейді.

Қазақ үйінен ұзаған қызға "Тастай батып, судай сің» деп бекер айтпаған. Бұл сөздің мағынасы тереңде. "Мен бұған дейін орыс ұлтының азаматына тұрмысқа шыққанмын, арамызда 7 жасар қыз бар. Жаңа отбасын құруға мен үлкен жауапкершілікпен бет бұрдым. Әрине, бірінші некемде жеңілтек болдым дей алмаймын. Дегенмен, өмірден сабақ алып, жаңа отбасымның шаңырағы биік болуы үшін барымды саламын. Әрбір әйел баласы сүйіспеншілікке лайықты",  - дейді Марина.

Марина таңдаған азамат оның қызын өз баласындай жақсы көреді, оған көп көңіл бөледі.

"Мұның барлығы мен үшін өте қымбат, сондықтан оны бақытты еткім келеді. Қазақ халқына деген құрметім бөлек және эфирді қазақ тілінде үлкен ықыласпен жүргіземін. Қазаққа керемет келін болуға дайынмын. Қаным қазақ болмаса да, жаным қазақ", - дейді Еуразия бірінші арнасының тележүргізушісі




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31