Тараз қаласының жастары әкіміне мысқылмен қошемет көрсетті

29 мамыр 2022, 18:26

Қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың суреті бар тақтайша қаланың проблемалы көшелерінің бірі – Шостакович көшесіне қадалды. Қала жастары билік өкілдерінің назарын осындай жолмен нақты мәселеге аударуды жөн көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

«Күрделі жөндеу үшін рахмет» деп жігіттер көшенің соңғы кездері қандай күйге айналғанын, апаттар тіркеліп жатқанын көрсететін екі минуттық бейнероликте өз ұстанымдарын білдірді.

 

 

26 мамырда дәл осындай жол акциясы Өскеменде де өткен болатын. Онда да тұрғындар  шұрық-төсік болып бұзылған  жолға қала  әкімі  Жақсылық Омардың суретін орнатқан болатын.

 

 

 

«Өскеменде қаланың проблемалық аймақтарына әкім Жақсылық Омардың портреті орнатылды.  Жол мәселесі көтеріліп, биліктің қираған жерлерге назар аударуы керек. Челлендждің ұраны «Ең жақсы түзету – Омардың отставкаға кетуі» деген сөз болды. Ал мұның барлығы жалпыхалықтық референдум қарсаңында болып отыр » деп жазды блогер Насима Қорғанбекова Facebook парақшасында.

 

 

Мұның бәрі Өскеменде қалай аяқталғаны белгісіз. Бірақ Таразда жастар жол акциясын бірер сағаттың ішінде тоқтата салды. Біраз уақыттан  кейін бейнежазба жойылып, ақпарат беруге асыққандар  алдағы күрделі жөндеуден хабарсыз екенін айтып, әкімнен кешірім сұрады. Тараз әкімдігі жөндеу жұмыстары тендер ашық болған кезде жүргізілетінін түсіндірді.