Ел жаңалықтары

Тараз супермаркетіндегі ірі өртпен жүз шақты адам күресті (фото)

  • Тараз супермаркетіндегі ірі өртпен жүз шақты адам күресті (фото)

    Тараз супермаркетіндегі ірі өртпен жүз шақты адам күресті (фото)


Бүгін түнде Тараздың Сәтбаев көшесінде ірі өрт болды. Тілсіз жаумен күресуге жүз шақты адам жұмылдырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.


 

 

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Түнгі сағат бірде қаланың өрт сөндіру қызметіне "Эврика" супермаркетінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.


Екі қабатты ғимараттағы жалынмен күресуге 19 көлікпен 84 өрт сөндіруші аттанды.


Сол арада полиция қызметкерлері пайда болуы мүмкін басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ғимарат аумағын қоршауға алды. Коммуналдық қызметтер оқиға орнына су тартты.


Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Өрт сөндірушілер ғимараттың төбесіндегі ағаштан жасалған жабыны өртенгенін анықтады.


Тілсіз жауды ауыздықтауға екі жарым сағат уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде жалын 1187 шаршы метрге таралып үлгерлді.


Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Мамандар өрттің шығу себебін анықтайтын болады.


Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Еске сала кетейік, 10 қыркүйекте Түркістан қаласында жарылыс болып, артынан ірі өрт шықты.


Сол кезде төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Саттарханов көшесі бойындағы "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйінің аумағында газ баллондарын тасымалдайтын "ЗИЛ" автокөлігі өртенген. Салдарынан баллондардың бірі жарылып, артынан ірі өрт шыққан.



 





Көрілген: 253    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 14:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31