Ел жаңалықтары

Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды – жантүршігерлік видео

  • Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды – жантүршігерлік видео

    Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды – жантүршігерлік видео

Бойжеткен құрылысы аяқталмаған ғимараттың басына шығып алып, секірмек болған. Таразда өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.


Ведомство баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік оқиғаның видеосы жарияланған. Құтқарушылар хабарлағандай, 2019 жылдың 15 сәуірінде сағат 17.00 кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел кезекшісі Тараздағы "Бокс сарайы" спорт кешенінің жанында, Королева көшесінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың жоғарғы қабатынан жас қыздың секіргелі тұрғаны туралы хабар берген.


Гүлнара Каримова, архивтегі сурет

© AFP 2019 / AMY SUSSMAN

Ислам Каримовтың қызының түрмеде өз-өзіне қол жұмсағаны рас па?

Оқиға орнына Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілді: 19 адам және 5 техника, оның ішінде психолог та бар.


Ғимарат жанына шұғыл жеткен жеке құрам бірден құтқару қалқасын орнатыпты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі әрі құтқарушы, азаматтық қорғаныс сержанты Азамат Көпбосынов бес қабат биіктікке автобаспалдақпен көтерілді. Ол өз өмірін тәуекел етіп, суицид жасамақ болған жас қызды құтқарып қалған.




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 21:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30