Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Таразда қапқа салынған адамның сүйектері табылды

11 ақпан 2021, 13:30

Таразда қапқа салынған адамның сүйектері табылды. Мәйіт ер адам ба, әйел адам ба ол жағы белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Адам қаңқасын Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері тапқан.

 Олар екі мөлтек ауданды бөліп тұратын, су каналының жағасындағы қамысты орып, қоқыстан тазалаған. Сол кезде жерге көмілген қапты алып шыққан. Бірден полиция шақыртыпты. Айтуларынша мәйіттің тек сүйегі ғана қалған. Соған қарағанда, марқұм бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам бар.

"Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс &ndashшаралары жүргізілуде", - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.