Ел жаңалықтары

Таразда той тыйылмай тұр: Заң бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

  • Таразда той тыйылмай тұр: Заң бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

    Таразда той тыйылмай тұр: Заң бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

Тараз қаласында карантин талаптарын бұзған кәсіп иелерінен 10 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілген,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзін үрей құшағында ұстаған биылғы пандемияның салқыны біздің елімізді айналып өткен жоқ. Алайда салдары ауыр соққан індеттен облыс орталығындағы мейрамханалардың иелері сабақ алмаған секілді. Мұны Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мобильдік штабтың арнайы ұйымдастырған рейдтерінің нәтижесінен көруге болады. Аталмыш мәселе қала әкімдігінде өткен жиында сөз болды. Басқосуға шаһардағы мейрамханалардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тараз қаласының әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың айтуынша, шаһарда салынған тыйымға қарамастан, мейрамханалардың мейманасы тасып, кәсібін жалғастырып жатқандары бар. Ол өткен сенбі, жексенбі күндері мейрамханалардағы карантин тәртібін сақтау бойынша арнайы рейд ұйымдастырылғанын жеткізді. Рейд барысында демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған нысандарды зерделеу кезінде «Сәтті», «Бүркіт», «Ақ сарай», «Сұлтан сарай», «Заравшан», «Севинч», «Ерғали», «Інжу-Маржан» сынды бірнеше мейрамханада той-томалақ болғаны анықталған.

«Осы заңсыздық бойынша жергілікті полиция қызметі қажетті материалдарды жинақтап, әкімшілік шара тағайындау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдайтын болады. Жалпы осы уақытқа дейін Тараз қаласы бойынша 10 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді. Дегенмен, қанша тосқауыл қойғанымызбен заңбұзушылықтар тоқтар емес. Басты мәселе той иелерінде тұрған жоқ. Егер мейрамхана басшылары &ndash сіздер, тапсырыс алмай, белгілі бір уақытқа дейін жұмыстарыңызды тоқтата тұрсаңыздар, мына әлемді әбігерге салып отырған дерттің екінші толқыны болмас та еді», &ndash деп түйіндеді Алмас Садубаев.

Мұнан соң сөз алған Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы, полиция полковнигі Сәбит Мамытбеков, мейрамхана қожайындарына карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Десе де, наурыз айынан бері жұмысы тұралаған мейрамхана иелерінің де айтар уәждары жоқ емес. Бірқатар мейрамхана өкілдері де өз ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев, жиынға қатысушыларды сабырға шақырып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 09:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31