Тараздағы бүлік кезінде тұтанатын қоспа таратқан ер адам ұсталды – видео

19 ақпан 2022, 11:18

Күдікті тергеу изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жамбылдық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында тұтанатын қоспасы бар бөтелкелерді таратып жатқан азаматты ұстады.

"Қаңтар айының 5-інен 6-сына қараған түні сағат 20:00 шамасында Тараз қаласының Қазыбек би көшесінде сұр түсті "Митсубиси Диамонд" автокөлігі келіп тоқтайды. Автокөлікте келе жатқан адамдар одан мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салады. Бұл көлік құралының жүргізушісі бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге қатысушыларға таратты", - деді полициядағылар.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 4-бөлігі (Терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел- іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті тергеу изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

https://sputnik.kz

https://www.facebook.com/gulsara.muhtarkulova