Ел жаңалықтары

Тараздық тұрғын дәрігер-офтальмологтар көзімді ағызып жіберді деп шағымданды

  • Тараздық тұрғын дәрігер-офтальмологтар көзімді ағызып жіберді деп шағымданды

    Тараздық тұрғын дәрігер-офтальмологтар көзімді ағызып жіберді деп шағымданды

Жамбыл облысының тұрғыны Патма Мақсұтова офтальмологтар емдейміз деп көзімді ағызып жіберді деп шағымданып отыр. Айтуынша, дәрігерлер қымбат дәрі салсаң, көзің көріп кетеді деп сендірген. Бірақ бәрі керісінше болып шыққан. Ал облыстық көз емдеу орталығының өкілдері өздерінің кінәсіз екендерін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп хабарлайды. 
Патма Мақсұтова ақ халаттылар өмірімнің тас-талқанын шығарды деп ашулы. Айтуынша, жұмысына салғырт қараған дәрігерлердің кесірінен көзі көрмей қалған. Ол сол көзі бұлдырап, көруі нашарлап кеткеннен кейін облыстық көз емдеу орталығына барыпты.

Ондағылар тексеріп, құны 115 мың теңгелік "Эйлеа" дәрісін салуды ұсынған. Болмаса, көзің мүлде көрмей қалады деген соң келісім бердім дейді. Дәрігерлер, дәрі салып, 10 күннен соң келесің деп үйіне жіберіпті. Алайда Патма келесі күні таңертең жанарында қара дақ пайда болып, көзінен іріңге ұқсас сұйықтық аға бастағанын айтады. 

 
"Көзімді көргенде дәрігерлер қатты қорқып кетті. Сосын жалғыз өзімді жеке палатаға жатқызып қойды. Мен олардың өз араларында инфекция деп жатқанын анық естідім. Мейірбикелер палатаны жиі тазалап отырды. Ешкімді кіргізген жоқ. 28 күн ішінде көзіме 150-ге жуық дәрі салды", - дейі Тараз қаласының тұрғыны Патима Мақсұтова. 

Патма ауруханадан шыққан соң, арада апта өтпей сол көзім ағып кетті дейді. Сондықтан ол өзі емделген емхана дәрігерлерін айыптап отыр. Ал, ақ халаттылар кінә бізден емес, сырқатты соққыға жыққан жарынан деп ақталды. Сондай-ақ, науқастың қант диабетімен ауыратыны да себеп болған деп болжайды. 

"Бүкіл рекомендация берілген. Егерде қандай жалоба болса бірден обращение жасау керек. 9 нан 15 дейін бұл жерге ешқандай обращение жасамаған. Бәрі жақсы жағдайда ондай инъекциядан кейін олар 10 күннен кейін келіп плановый осмотрға келеді. Ол ешқандай да обращение жасамай обращениесіз ол именно жаңағы алған соққыларынан болып тұр", - дейді Жамбыл облыстық көз емдеу орталығының бас дәрігері Бақыт Досжанова.

Патма осы жағдайдан кейін адвокат жалдап, полицейлерге арыз түсірген. Осыдан соң бірнеше сараптамалар тағайындалыпты. Қазір тәуелсіз сарапшылар Патманың көзі еккен дәрінің кесірінен ақты ма, әлде қатты соққының салдары ма соны анықтап жатыр екен. Әзірге алғашқы сараптама ақ халаттылардың қатесін тапқан. Яғни олар тиімсіз дәрілерді пайдаланып, қажеттілерін бермеген. 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31