Ел жаңалықтары

Тәрелкенің сынығын сұғып алған: Алматы облысындағы қанды оқиғаның мән-жайы анықталды

  • Тәрелкенің сынығын сұғып алған: Алматы облысындағы қанды оқиғаның мән-жайы анықталды

    Тәрелкенің сынығын сұғып алған: Алматы облысындағы қанды оқиғаның мән-жайы анықталды

Екек пен әйел пәтерде ішімдік ішкен. Артынан ер адам оған тиісе бастаған. Бірақ әйел қарсылық көрсеткен. Осы кезде еркек оны бірнеше рет басынан ұрған
Алматы облысында 48 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол өзімен жасты ер адамға ауыр жарақат салғаны үшін айыпталып отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 20 қаңтарда түстен кейін полицияның кезекшілік бөліміне ауруханадан хабарлама түскен. Дәрігерлер 48 жастағы ер адамның қарнын белгісіз затпен тесіп тастағанын жеткізген. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанды.

Полицейлер жедел медициналық жәрдемнің ер адамды көппәтерлі үйлердің бірінен алып кеткенін анықтады. Әйел сол жерде ұсталды. Ол өз кінәсін бірден мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Оның айтуынша, ауруханаға түскен ер адаммен жақында ғана танысқан. Екеуі пәтерде ішімдік ішкен. Артынан ер адам оған тиісе бастаған. Бірақ әйел қарсылық көрсеткен. Осы кезде еркек оны бірнеше рет басынан ұрған көрінеді.

Әйел де қайтпайды. Ас үйдегі тәрелкені есікке бір ұрып сындырып, өткір сынығымен ер адамның ішінен екі рет ұрған.

"Тәрелкенің сынығы ер адамның ішінде қалып қойған. Қазіргі кезде әйел қамауға алынды. Жақын арада оған қатысты шешім қабылданады", - дейді полицейлер.
 
 
 


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20210122/16100861/Almaty-oblysyndagy-qandy-oqiga.html




Көрілген: 868    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28