Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тас жолдарды тасқын шайып кеттi

10 мамыр 2011, 18:11

Алматы облысының Сарқант, Ақсу, Алакөл аудандары су тасқынынан зардап шегiп отыр. Алматы – Өскемен тас жолындағы төрт көпiрдi су шайып, оннан астам үйдiң ауласы бүлiндi.
Алматы облысы бойынша, Төтенше жағдайлар департаментiнiң баспасөз хатшысы Жанат Сенбаевтың айтуынша, күннiң күрт жылынуынан Жоңғар Алатауының қары ерiген. Су тасқыны Алакөл ауданы, Төңкерiс ауылы маңындағы тас жолдың жабынын шайып кеткен. Сондай-ақ, Екпiндi ауылы аумағында «Лайбұлақ» каналы тасып, елдi мекендегi оннан астам аула мен Ақжар, Қоңыр ауылдарын жалғайтын көпiрдi басып қалды. Сарқант ауданындағы Екiаша ауылы мен Ақсу ауданындағы Қарасу ауылында жергiлiктi маңызы бар тағы үш көпiрдi тасқын шайып кеттi. Сарқант қаласы мен Қойлық ауылында бiрнеше үй су астында қалды. Абырой болғанда, табиғи апаттан зардап шеккен адам жоқ. Тасқынның шығынын анықтау үшiн аудан әкiмдiктерi жанынан арнайы комиссия құрылды. Қазiр көлiк жолдарын қалпына келтiру үшiн су шайған аймақтарға бiр кран, екi экскаватор мен жүк көлiктерi жөнелтiлiп, 32 адам жұмыс iстеп жатыр. Топан судың салдарын жою бүгiн аяқталуы тиiс.