Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ташкент-Алматы ұшағында 134 жолаушы болған, ешкімнің еш жері сынған жоқ - Air Astana

02 қаңтар 2023, 22:20

Air Astana қатты турбуленттілік жағдайына тап болған ұшақ жайлы қосымша мәлімет таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға бүгін, 2 қаңтарда, Ташкент-Алматы бағытында қатынайтын KC128 рейсінде болды.

Airbus A321 бортында 134 жолаушы мен бір нәресте, сондай-ақ 9 экипаж мүшесі болған.

Авиакомпания қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Олар Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде тексеруден өтіп жатыр.

Дәрігерлердің алдын ала ақпаратына сәйкес, ешкімнің еш жері сынған жоқ.

Air Astana авиакомпаниясының қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсету үшін ауруханада жүр.

Еске сала кетейік, бүгін Air Astana әуекомпаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшқан, сапар барысында әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түсті.

Компания оқиғадан жеті жолаушы түрлі жарақат алғанын хабарлады. Кейіннен Азаматтық авиация комитеті «Ташкент - Алматы» рейсіндегі төтенше жағдайдан зардап шеккен жолаушылар жайында мәлімет берді. Комитеттің алдын ала ақпаратына сенсек, оқиғадан 5 адам жапа шеккен. Төтенше жағдайға тап болған Air Astana ұшағындағы өзбекстандық екі әйелдің №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені мәлім болды.