Тәуелсіздік күніне орай отандық телеарналар жаңа туындыларын ұсынады

15 желтоқсан 2021, 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналары Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай әзірленген жаңа туындыларын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Хабар» телеарнасында 29 қарашадан бері «Елбасы. Тәуелсіздік жылнамасы» деректі фильмі көрсетілуде. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналға туынды 15 сериядан тұрады. Оның әрқайсысы еліміздің орын алған тарихи оқиғалар мен сәттерге арналған қорытынды сериясы 17 желтоқсанда көрсетіледі.