Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәуелсіздікке 30 жыл: Қазақстан құтқарушылары флешмобты жалғастырды

18 желтоқсан 2021, 16:16

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған патриоттық флешмобты жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президенті Телерадиокешенінің қолдауымен түсірілген бейнеролик әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен сүйемелденген. ҚР ТЖМ патриоттық флешмобты ҚР Ішкі істер министрлігінен қабылдап алған, енді оны ҚР Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі жалғастыруы тиіс. Айта кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Президентінің Телерадиокешені Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай патриоттық флешмоб бастаған болатын. Эстафетаны Қорғаныс министрлігінен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қабыл алды. Кейін оны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР ІІМ жалғастырды. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі патриоттық видео түсіру тізгінін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырған.

ҚазАқпарат.