Ел жаңалықтары

Тәулігіне 6-9 мың адам коронавирус жұқтырады: Цой наурыз айында жағдай қандай болатынын айтты

  • Тәулігіне 6-9 мың адам коронавирус жұқтырады: Цой наурыз айында жағдай қандай болатынын айтты

    Тәулігіне 6-9 мың адам коронавирус жұқтырады: Цой наурыз айында жағдай қандай болатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз айында елімізде коронавирустың таралу қарқынына қатысты болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау тобы қазіргі шектеу шараларын, оның ішінде маска тағу, қашықтық сақтау және алдағы вакцинациялауды ескере отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Жаппай жұқтырудың көп болатын уақыты осы жылдың наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мыңға дейін адам КВИ жұқтыруы мүмкін. Ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Дегенмен мұндай сценарийде карантинді қатаңдату жоспарланып отырған жоқ", - деді Цой Үкімет отырысында.

 Министр пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Реалистік және пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мыңға дейін КВИ жағдайы тіркелуі мүмкін. Ал 45 мыңға дейін төсек орын бос болмауы ықтимал. Яғни коронавирус жұқтырғандарға әзірленген 52 мың төсек орын көрсеткішінен асып тұрған жоқ. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін ауырлатпау және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін карантин шараларын қатаңдатуға әкеп соғады", - деді ведомство басшысы.




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31