Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі

16 мамыр 2022, 10:58

Зардап шеккендерге үй беріліп, көмек көрсетіледі.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев сел жүру кезінде қаза тапқан қыздың ата-анасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Текелі қаласында сел жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бұзылып, зақымдалды. Өкінішке орай 2016 жылы туған қыз мерт болды. Жедел қызмет өз жұмысын атқарып жатыр. Зардап шеккендерге үй беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына көңіл айтамын. Жаны жәннатта болсын", – деп жазды аймақ әкімі. 

Айта кетейік, 15 мамыр сағат12:00-де Текелі қаласы Қонаев қаласында топырақтың ылғалдануы салдарынан сел жүріп, тау бөктеріндегі үйлерді басып қалған еді. Сел кезінде үйлердің бірінле 5 жасар қыз болған. Іздеу жұмыстарынан кейін қыздың денесі табылды.