Ел жаңалықтары

Темекі шегуге тыйым салына ма?

  • Темекі шегуге тыйым салына ма?

    Темекі шегуге тыйым салына ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша, Қазақстанда ер адамдардың 44%-ы темекі шегеді, 54%-ы ішімдік ішеді. Өкініштісі сол, Қазақстан Еуропа аймағы бойынша алкоголь тұтынудан алдыңғы орында, - деп жазды aikyn.kz.


Мамандардың айтуынша, елімізде темекі тартатын адамның саны 4 миллионға жетеді. Темекіге тосқауыл қоюдың және өлім-жітімді төмендетудің тиімді жолы – салықты көтеру. Сонымен қатар қоғамдық орындарда шылым шегетін орындар жойылуы мүмкін. Өйткені қазір мамандар осы мәселені қызу талқылап, кодекске өзгеріс енгізу керегін айтып жатыр.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жобасы бойынша жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, сондай-ақ жасөспірімдер мен студенттердің қатысуымен «Темекі және алкоголь өнімдерін тұтынуды шектеу» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жанар Төлебаева темекі бұйымдарының жаңа түрлерін шектеу бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасына енгізілген өзгерістер туралы баяндап берді. Жиында «Темекісіз» ҚҚ-ның атқарушы директоры Жәмиля Садықова Кодекске енгізілген жаңа өзгерістер темекіге қарсы күрес бойынша ДДҰ шекті конвенциясына сәйкес келеді деп мәлімдеді.


–Қоғамдық орындарда темекі шегуге түбегейлі тыйым салуды кодекске енгізу керек. Оның ішінде қорқор да бар. Шылым шегуге арналған бөлмелерді жою керек. Темекі тартуға арналған үлкен залдар, арнайы мейрамханалар бар. Оны нормаға сай етіп жасағандықтан, бұл – олар үшін тамаша айла.


Әлемнің 60 елі осындай орындарды жойып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Шылым шегу бір жағынан сәннен шықты. Оны қоғамнан алып тастап жатыр. Солай болуы да керек. Бізде өкінішке қарай, бұл жағдай өзекті болып тұр. Қазір осы мәселе қаралып жатыр. Темекі мен алкогольге қарсы тиімді тәсіл – акцизді көтеру. Мәселен, темекінің бір қорабы 400 теңге тұрады. Оның 80 пайызы мемлекеттің үлесі болуы керек. Өйткені осының кесірінен ауыратын адамдардың өліп жатқан жасушаларының еміне мемлекет төлеп жатыр. Ал бізде 5 пайызы да мемлекетке берілмейді, – дейді «Темекісіз» ҚҚ-ның атқарушы директоры Жәмиля Садықова


Айта кету керек, ДДҰ ұсынысына сәйкес, орташа және төмен кірісі бар елдерде алкогольге қарсы саясатқа қатысты ең тиімді шаралар – алкогольдік ішімдіктерге акциздік салықтарды көтеру, алкогольді жарнамалауға тыйым салу.




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 19:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30