Ел жаңалықтары

Темекі түтінінен шылым шекпейтіндер де зардап шегеді

  • Темекі түтінінен шылым шекпейтіндер де зардап шегеді

    Темекі түтінінен шылым шекпейтіндер де зардап шегеді

31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы күн қарсаңында шылымның зияны туралы тағы да ескертеді. Себебі темекі ауаны ластап қана қоймай, түтінді жұтқан адамдарға да қатты қауіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, оның құрамындағы 7 мыңнан астам химиялық заттың 70-ке жуығы көпшілік жақсы білетін канцерогендер қатарына жатады.


«Қазір иісі жоқ темекілер де шығып жатыр. Бірақ бұл оның адамзатқа келтірер залалын төмендете алмайды. Өйткені 5 сағатқа дейін әуеде қалықтап тұратын темекі түтіні айналадағы адамарға өкпе обыры, созылмалы респираторлық ауруларға шалдығу қаупін төндіреді», - деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.


Алайда, темекінің шылым шекпейтін адамдарға да зияны барын көпшілік біле бермейді. Мысалы, анасы жүкті кезде шылым шеккен немесе өзгелер тартқан темекінің түтінін жиі жұтқан баланың дамуы кенжелеп, өкпесі дамымай қалуы мүмкін. Ал, үйде ылғи да темекі түтінін жұтып өсетін кішкентай бүлдіршіндердің демікпе, пневмония, бронхит сынды тыныс жолдарының ауруларына шалдығу қаупі жоғары болмақ.


Статистикаға сүйенсек, әлемде пассивті шылымқорлықтан болатын жұқпалы рсепираторлық аурулардан жасы 5-ке толмаған 165 мың бала көз жұмады екен. Ал, ересек жасқа жеткен күннің өзінде мұндай аурулармен көп ауырған балалардың құлан-таза айығып кетуі екіталай, дейді мамандар.


Шын мәнінде, егер ішкі органдарды жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады және оны еліміздің кез-келген тұрғыны пайдалана алады. Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады. Биылғы жылы Алматы қаласында мемлекеттік тапсырысты 184 медицина ұйымы орындап жатыр.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

сенбі, 01.06.2019, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31