Температура төмендеп, жаңбыр жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

20 маусым 2022, 10:56

“Қазгидромет” алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметіне сәйкес, 21-23 маусымда жылудың аздап төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұған фронтальді бөлімдер ықпал етеді, олардың аймағында қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

21 маусымда солтүстікте, елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай мен желдің күшеюі күтіледі. Сонымен қатар бұршақ жаууы мүмкін. Жаңбырға қарамастан, елдің көп бөлігінде температура айтарлықтай өзгермейді. Тек солтүстік аймақтарда күндіз 18-28 градусқа дейін аздап төмендеу күтіледі.