Ел жаңалықтары

Теміржол бекеттеріне билеті бар жолаушылар кіргізіледі: Вокзалдардағы жаңа ережелер қандай?

  • Теміржол бекеттеріне билеті бар жолаушылар кіргізіледі: Вокзалдардағы жаңа ережелер қандай?

    Теміржол бекеттеріне билеті бар жолаушылар кіргізіледі: Вокзалдардағы жаңа ережелер қандай?

Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Садуақас Байғабұлов жолаушылар пойыздарындағы санитарлық-карантин шараларын ұйымдастыруға байланысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш қаулы тек жолаушыларды тасымалдаушыларға ғана емес, сондай-ақ вокзал басшылығы, транпорт ісінің қызметіне жауапты ұйымдарға қатысты болмақ.

Енді теміржол бекеттерінің ғимараттарына билеттері бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Бұған қоса олар міндетті түрде маска және қолғаппен жүруі тиіс.

Шығарып салушылар вокзалдарға кіргізілмейді, олар енді жақындарымен ғимараттың кірберісінде қоштасады. Теміржол бекеттерінің күзет қызметкерлері жолаушылардың дене қызуын тексереді.

"Отырғызу және түсіру кезінде қашықтық міндетті түрде сақталып, жүру жолында вагондардың ішінде ылғалды тазалау жүргізу мерзімділігін арттыру және қалыптастыру пункттерінде дезинфекциялау жұмыстары үнемі жүргізіліп тұруы шарт", - деді Садуақас Байғабұлов.

Сонымен қатар жолсеріктер жолаушыларды сауалнамалан өткізеді. Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әрбір ауысымы сайын медициналық тексеруден өтіп отырады.

Егер жағдай тұрақтанатын болса, бұл шаралар бірте-бірте жеңілдейді екен.




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31