Теңге антирекордты жаңартты

04 наурыз 2022, 18:42

Қазақстан қор биржасында 4 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,72 теңге болды. Бұл ұлттық валюта тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық валюта одан әрі құлдырап жатыр – таңғы саудада бағам 497,02 теңге болды. KASE-де күндізгі сауда-саттықта АҚШ долларына қатысты бағам 499,2 теңгеге теңесті, бұл Ұлттық банктің 5 наурыздағы ресми бағамы болады.

Ал, Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 514-518 теңге аралығында сатып жатыр. Олардың кейбірі шетел валютасын сатуды тоқтатты.