"Тепкілеп, соққыға жыққан": Алматыда жоғалып кеткен қырғызстандық табылды

19 қаңтар 2022, 22:44

Алматыдағы ауруханалардың бірінен жоғалып кеткен қырғызстандық Чолпонбек Сыдықов табылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Sputnik Қырғызстан” басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігі мәлімдеген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 46 жастағы Чолпонбек Сыдықовтың ұсталғаны туралы хабарлама тараған болатын. Оның құрбысы Айгүл Сартбаева ер адамның Алматыда жиһаз құрастырушысы болып жұмыс істегенін айтты. 8 қаңтарда оның уақытша тіркеу мерзімі аяқталып, Сыдықов Бішкекке баруға шешім қабылдаған. Сартбаеваның айтуынша, ол қала шетінде ұсталған. Ол қырғызстандықтың тәртіпсіздіктерге қатысы жоқ екенін, куәгерлер бар екенін айтты. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

Сыдықов қазір ауруханада жатыр. Ер адамның айтуынша, оны және басқа да ұсталғандарды жұдырықпен ұрып, тепкілеген. Чолпонбектің аяғы сынған.

Сыртқы істер министрлігі осыған байланысты ресми ақпарат дайындалып жатқанын хабарлады.