Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

17 қаңтар 2022, 09:42

Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы қызметінен бас тартты деп хабарлады Палатаның ресми сайты. Ол қызметінен кетерде қазақстандықтарға үндеу және алғыс айтып кетті.

 
«Съезд делегаттарына және төралқа мүшелеріне маған артқан сенімі үшін алғысымды білдіремін. Сегіз жыл бойы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ең жоғарғы бақылаушы органын басқару мен үшін үлкен мәртебе. Ерекше алғысымды «Атамекенның» үлкен ұжымына білдіремін», - деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, Т.Құлыбаев Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың бірі. Оның байлығы 2,9 млрд долларға тең.

azattyq-ruhy.kz