ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

23 мамыр 2022, 00:26

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 23 мамыр күні Алматы облысында нөсер жауын жауатынын ескертті.

«23 мамыр күні Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда  жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, күн күркіреп, найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз»,– делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

aikyn.kz