Тоқаев "AMANAT" партиясының хатшысын тағайындады

10 наурыз 2022, 16:25

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының хатшысы тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы қызметіне Асхат Оралов тағайындалған болатын. Бұған дейін мемлекет басшысы партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарушы хатшымен алмастыруды ұсынған. Сондай-ақ, басқа бағыттарға жауап беретін хатшылар болуы керек екенін айтты. Осылайша, партия құрылымын өзгертіп, қызметін оңтайландыру жоспарланған. 

Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Қоғаммен байланыс" және "журналистика" (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Хабар" агенттігі" АҚ Алматы филиалында продюсер болып бастаған. Агенттікте бірқатар қызмет сатыларынан өтіп, 2016 жылы "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды. "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.