Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоқаев: Биліктегі әйелдердің санын арттыру керек

22 қазан 2020, 12:44

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін арттыру туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет қатысатын мемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесі әлі де болса төмен - 5-7 пайыз. Бұл жағдай мемлекет халқының жартысынан көбін құрайтын әйелдердің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермейді", - деді мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

 Президент кеңес мүшелері мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту туралы міндетті норманы енгізу қажеттілігі туралы пысықтап, ұсыныстар жасағанын айтты.

"Біз бұл бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы ойлануымыз керек деп санаймын. Бұл бизнес саласын әйелдер үшін тартымды етеді және мамандандырылған халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позициясын көтереді", - деді Президент.