Ел жаңалықтары

Тоқаев дәрігерлерге жаңа жәрдемақы берілетінін мәлімдеді

  • Тоқаев дәрігерлерге жаңа жәрдемақы берілетінін мәлімдеді

    Тоқаев дәрігерлерге жаңа жәрдемақы берілетінін мәлімдеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаңа мемориалдың ашылуы барысында дәрігерлерге көтерме жәрдемақы мен басқа да жаңа жеңілдіктер төлеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтанда Қазақстанның медицина қызметкерлеріне ризашылық белгісі ретінде тұрғызылған "Алтын жүрек" мемориалының ашылу рәсіміне қатысып, монумент орналасқан саябақты "Дәрігерлер аллеясы" деп атауды ұсынды

 
Тоқаев елде денсаулық сақтау саласының 10 мыңға жуық қызметкері коронавируспен ауырғанын, олардың екі жүзден астамы қаза болғанын айтты.

Президент пандемия жағдайында мемлекет дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған ынталандыру шараларының кең пакетін қабылдағанын атап өтті.

"Коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге тек үстемеақылар мен сақтандыру жәрдемақыларына шамамен 180 миллиард теңге жұмсалды. Үкімет төлемдерді осы жылдың қазан айына дейін жалғастыру үшін осы мақсаттарға қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Біз дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруды бастадық. Бұл процесс жалғасады", - деді мемлекет басшысы.

Президент медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін құрудың маңыздылығына да назар аударды.

"Ол ауылдық жерге келген мамандарға міндетті түрде тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы төлеу және басқа да жеңілдіктерді қамтуы тиіс. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірлерінде облыстар мен қалалар әкімдерінің белсенді қатысуымен қабылдануы тиіс", - деп тапсырды ол.

Сондай-ақ, президент "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері" атағын енгізуді ұсынды. Медальмен қоса, сыйақы беріледі, оның мөлшерін үкімет айқындайды.




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 16:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31