Ел жаңалықтары

Тоқаев елдегі интернеттің сапасына көңілі толмайтынын айтты

  • Тоқаев елдегі интернеттің сапасына көңілі толмайтынын айтты

    Тоқаев елдегі интернеттің сапасына көңілі толмайтынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі интернет пен байланыс сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қазіргі интернеттің сын көтермей тұрғанын алға тартты. Ол интернеттің мүлдем жұмыс істемеуін “тұтынушыларды алдау” деп бағалады.

“Қазіргі кезде нақты емес нәрсені сату қалыпты жағдайға айналды. Олар интернет параметрлерінің бірін жарнамалайды да, шын мәнінде мүлде басқасын ұсынады. Жақсарып жатқан ештеңе жоқ. Маған берілген мәлімет бойынша, тіпті елорданың өзінде, сөз бен істің алшақтығы 40-50 пайызға дейін жетеді. Бұл, шын мәнінде, тұтынушыларды алдау деген сөз. Мұндай өрескелдікті доғару керек. Үкіметке әкімшілік құрамды заңдық негізде бекітуді және бұндай заң бұзушылықтар үшін санкциялар белгілеуді тапсырамын. Біз үнемі Қазақстанның аумағы жүз пайызға жуық интернетпен қамтылды деп айтып жүрміз. Кәнеки мәселенің басын ашып алайық, осы іс жүзінде расталған ақпарат па әлде жоқ па?  Немесе ойымыздағыны шындық деп санаймыз ба?” – деді президент.




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 22:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30