Ел жаңалықтары

Тоқаев елордада жаппай вакцина салуды ұйымдастыруды тапсырды

  • Тоқаев елордада жаппай вакцина салуды ұйымдастыруды тапсырды

    Тоқаев елордада жаппай вакцина салуды ұйымдастыруды тапсырды

Президентке елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты. 

Президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы және жаппай ұйымдастыру, эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, халықтың денсаулығын сақтау жөнінде қала әкіміне тапсырма берді.

Мемлекет басшысына қаладағы халық санының артуына байланысты білім беру ошақтарын салу арқылы үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу, кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша ақпарат берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаланы газдандыру мәселесін шешуді, инвестиция тартуды, Жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыруды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды.
 




Көрілген: 203    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 21:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31