Тоқаев Иранда Аятолла Хаменеимен кездесті

19 маусым 2022, 21:04

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранда Аятолла Хаменеимен кездесті.
 
 
Бұл туралы Президенттің басапсөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Тегеранға ресми сапары Иран Ислам Республикасының Жоғары көсемі, Аятолла Әли Хаменеимен кездесуімен аяқталды. 

Кездесуде Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды.