Ел жаңалықтары

Тоқаев куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауға нұсқау берді

  • Тоқаев куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауға нұсқау берді

    Тоқаев куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауға нұсқау берді

Мемлекет басшысы биылғы жылдың 11 айында 80 мың азамат құжаттарын ұмытып кеткені үшін жазаланғанын атап өтті. Осыған байланысты арнайы нұсқау берді.

Қазақстандық жүргізушілер әрдайым өздерімен әртүрлі құжаттарды алып жүреді және олардың біреуі болмаған жағдайда жазаланады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осы мәселені шешуді тапсырды.

«Барлық жүргізушілер өздерімен бірге жеке куәліктерін, жүргізуші куәлігін, техникалық төлқұжат пен жол жүру парағын және басқа құжаттарды алып жүреді. Адам құжаттарды үйінде ұмытып кеткені үшін де жазаланады», - деді президент.

Оның айтуынша, осындай фактілер бойынша биылғы жылдың 11 айында 80 мыңға жуық азамат жазаланған.

«Үкімет бұл мәселені жақын арада шешуге және қажет болған жағдайда заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге міндетті», - деп тапсырды президент.

 stan.kz




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

жұма, 20.12.2019, 21:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29